Инклюзивті орта құру » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ақпан
2023

Инклюзивті орта құру

Бүгін 10.02.2023 жылы мектебімізде « Инклюзивті орта құру» (ЕББҚ оқушымен жұмысты ұйымдастыру жолдары ) атты коучинг өтті.  Коучингті мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Қалимолданова Жанна Қырықбаевна өткізді. Коучинг мақсаты «Ерекше білім қажет ететін оқушыларға қандай педагогикалық қолдау көрсету керек және инклюзивті орта құрудағы құралдар түрі». Мұғалімдер ЕББҚ оқушылардың ауыру түрлерімен, олардың белгілерімен, оқу процесінде қандай қиындықтар туындайды және сол оқушыларға қандай қолдау көрсету қажеттілігі туралы мәлімет алды. Мұғалімдерге кейстер беріліп, кейстермен жұмыс жасады. Берілген тапсырмада ЕББҚ оқушысына қандай тапсырма берер едіңіздер? деген сұраққа жауап берді. Оқушы деңгейіне қарай тиімді тапсырмалар құрастырды.
Белсенді және тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті. Әр мұғалім өз сыныбындағы ЕББҚ оқушылармен жұмыста қандай қиындықтар кездеседі, сол қиындықтармен қалай жұмыс жасап жатқандығы туралы ойларымен бөлісті. Коучинг соңында мұғалімдер ЕББҚ оқушыларына  қолдау көрсету жолдарын іріктеп, әдістеме тізбегін құрастырды. Мұғалімдер коучингтан пайдалы мағлұмат алғаны үшін рахмет білдірді

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив