10
ақпан
2023
PIRLS - зерттеуі
Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдері Саябекова Гүлбақыт Тұрлыбековна мен Бекожанова Сандуғаш Бериковна «PIRLS зерттеуі тапсырмаларының ерекшеліктері мен құру жолдарымен танысу» деген тақырыпта шебер сынып өткізді. 1- сынып оқушылары, даярлық сыныптың балалары каникулға шығуларына байланысты мұғалімдер өздерінің іс- тәжірибелерімен бөлісуді жөн көрді. Бір апта бойы мұғалімдер ашық сабақтарға қатысып, өздері шебер сыныптар өткізіп, ата- аналармен жұмыстарын ұйымдастырып, іс- құжаттарымен жұмыстар жүргізеді. Жалпы PIRLS - зерттеуінің мақсаты: әртүрлі әлем елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Осы мақсатты алға қоя отырып, Гүлбақыт Тұрлыбековна мен Сандуғаш Бериковна әріптестерімен өз іс – тәжірибелерінде қалай тапсырмалар дайындап, жұмыстар атқаратындығы туралы айтты. Мұғалімдер мәтінмен жұмыс жасалды, тапсырмалар дайындауды үйретті. Коучинг өз деңгейінде жақсы өтті.





