Тәрбие жұмысы » Страница 25 » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қош келдің,Наурыз!
18
наурыз
2022
Қош келдің,Наурыз!
Осы бір күн мен түннің теңелетін уақытында құт пен ырысқа толы Наурыз меркесін 27орта мектеп-гимназиясының өзін-өзі басқару және "Жас Ұлан" жасөспірімдер мен оқушылар ұйымы қазақы дәстүріміздегі ұлттық тағамдарын дәріптейтін бауырсақпен мектеп ұстаздары мен оқушыларын қарсы алып, ізгі тілектермен бастады. Наурыз мерекесінде баршаларыңыздың отбасыларыңыздан 2022түрлі бәлекет кетіп, 2022түрлі жақсылықтар келсін. Ізгі тілекпен өзін-өзі басқару ұйым оқушылары.
Асық ату ойыны
18
наурыз
2022
Асық ату ойыны
27 орта мектеп-гимназиясының өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары спорт министрі 9а сынып оқушысы Көшкінбай Бекзат және Сайлаухан Серікжанның, дене шынықтыру пән мұғалімі Тоқпақов Арманның ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңында қазақтың ұлттық ойындарының ішінен АСЫҚ АТУ ойынынан жарыс болды. 🌿Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік
Нұр себеле,әз Наурыз!
18
наурыз
2022
Нұр себеле,әз Наурыз!
Бүгін берекелі де, мерекелі Наурыз мерекесінің бастамасы болып 27 орта мектеп-гимназиясында "Ата – баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" дәстүрі бойынша ардагерлер үйінің зиялы қонақтары, алдыңғы буынды қарттарымызды қарсы алды.  Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір – қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, салт - дәстүрлерімізді қадірлей білуге баулу. Оқушыларды салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында
14 наурыз-Көрісу мейрамы
18
наурыз
2022
14 наурыз-Көрісу мейрамы
14 наурыз - Көрісу мейрамы.🌱🌷🌷🌷🌿 Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін
1-Наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні
02
наурыз
2022
1-Наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні
Бүгін 1-Наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Бұл мереке -әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдыналуға барлық күшті біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар (АҚ пен ТЖ) қызметтерін болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады. Азаматтық қорғаныс күні 27орта меткеп-гимназиясының жас полиция көмекшілері эстафетаны 9мектептен қабыл алып, 27орта мектеп-гимназиясы 19мектепке жолдаймыз!
"Бақытсыз Жамал" романы
02
наурыз
2022
"Бақытсыз Жамал" романы
25.02.2022 ж 27орта мектеп-гимназиясының "Болашақ" дебат клубының кезекті пікір сайысы болып өтті. Осы жолғы тақырып М.Дулатұлының "Бақытсыз Жамал" романындағы әйел бостандығы туралы болды. 
Салауатты өмір салты
02
наурыз
2022
Салауатты өмір салты
Талдықорған қаласы №27 орта мектеп-гимназиясында"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер және "өзін өзі басқару" ұйымының оқушылары мен денешынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 26.02.2022ж “  Салауатты өмір салты”  барысында 8-11 сыныптардағы  ұлдармен  баскетболдан  жарыс өтті.  1-орын  10сынып 2-орын 11сынып 3-орын  8сынып Ұйымдастырған: Спорт-министері:Көшкінбай Бекзат және Сайлаухан Серікжан, пән  мұғалімі: Жақсыбеков Бағдат.
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
21
ақпан
2022
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
"Ауғанның отты жылдары"Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу - кеші    " №27орта -мектеп гимназия"КММ  мектепте Ауған соғысының 33 жылдығына орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.  Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат
Өзіңді тану-өмірді тану
15
ақпан
2022
Өзіңді тану-өмірді тану
27 орта мектеп- гимназиясы аясында. "Өзіңді тану өмірді тану" - атты апталығы өткізілді. Өзін өзі тану нағыз адам бо­лудың сыры мен қырын үй­ре­тетін пән. Нағыз адам бо­лу – Отан алдындағы боры­шыңды өтеу, адами қарым-қатынасының, қоршаған ортамен үйлесімділігің. Пәннің мақсаты – білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу. Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты да­мыту да өзін өзі тану
Өзін-өзі тану пәнінің іс-шарасы
08
ақпан
2022
Өзін-өзі тану пәнінің іс-шарасы
«Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген  қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр. Өзін – өзі тану апталығының мақсаты мектеп жасындағы оқушыларға адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімдерін арттыру, адами қарым-қатынастарын