Абай оқулары » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
ақпан
2020

Абай оқулары

06.02.2020 жылы № 27 мектеп кітапханасында Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай «Абай оқулары» атты бастауыш сыныптармен мәнерлеп оқу жарысы өткізілді. Іс-шараға барлық бастауыш сынып оқушылары, сынып жетекшілері және алқа мүшелері қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, оқушыларда шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезімін, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту, адамгершілікке, поэзияға деген сүйіспеншілікке, рухани құндылық негіздеріне тәрбиелеу.
Абай оқуларының міндеттері:
1. Мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау;
2. Абай оқуларына 2-4 сынып оқушылары қатыса алады.
4. Әрбір сыныптан 5 қатысушыдан аспауы керек.
Қорытынды шығару, марапаттау

Іс шара барысында мектеп кітапханашысы Абай өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, бейнекөрініс көрсетілді. Соңында әр номинацияда I, II, III жүлделі орын анықталды.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив