"Қазақ әдебиетінің ақсұңқары" » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазақ әдебиетінің ақсұңқары"
24
қараша
2023

"Қазақ әдебиетінің ақсұңқары"

№ 27 орта мектеп гимназия кітапханасында кітапханашылар мен қазақ тілі пән мұғалімі Ж. Джадировамен бірлесе отырып қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты поэзия кеші өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Кешке 8-9 сынып оқушылары қатысып, слайд арқылы Сакен Сейфуллиннің өмірбаянымен, өмір жолдары мен шығармашылығымен танысты. Оқушылар өздерінің даярлап келген «Көкшетау», «Анаға хат», «Тау ішінде», «Туған жерге» т.б. өлеңдерін жатқа айтып, артынан викториналық сұрақтарға жауап берді.
 
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив