«Ұлттың бетке ұстар тұлғасы Әнуар Әлімжанов» » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттың бетке ұстар тұлғасы Әнуар Әлімжанов»
12
мамыр
2023

«Ұлттың бетке ұстар тұлғасы Әнуар Әлімжанов»

2022-2023 оқу жылында қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің «Ұлттың бетке ұстар тұлғасы Әнуар Әлімжанов»  атты жоба жұмысының жоспарын жүзеге асыру мақсатында №27 мектеп мұғалімдері мен оқушылары Жетісу облысы,  Алакөл ауданыдағы «Қабанбай», «Қарлығаш»,  «Үшқайын»  ауылдарына жол тарттық. 
      2023 жылы 12-мамыр күні артына өшпес із қалдырған біртуар талант иесі, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әнуар Әлімжановтың 93 жылдық  туған күніне орай Қабанбай ауылының Мәдениет үйі ұйымдастырған  Еске алу шарасына қатысып, жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қойдық.  Жазушының көзін көрген, жазушымен сырласқан ауыл тұрғындары  Қапсалямов Болатбек Шынғожаұлы, Қошқарова Клара Мухаметқалиқызымен кездесіп,  жазушы туралы қызықты оқиғалары мен естеліктерімен бөлісті. Одан әрі «Үшқайын» ауылындағы «Ә.Әлімжанов атындағы орта мектепте»  орналасқан жазушының мұражайына бардық.  Мектепке алдында мектеп ұжымы мен оқушылары зор қошемет көрсетіп, жылы қарсы алды.  Мектеп директоры Абдолдинова Айдын Төлегенқызы жазушының туған жері Қарлығаш ауылы туралы айта келе, мектепте орналасқан мұражаймен таныстырды. 
    «Қарлығаш» ауылына ат басын бұрып, Әнуар атамыз тұрған үйдің орнына тұрғызылып жатқан мешітті өз көзімізбен көрдік. Кезінде жазушы туып-өскен үйде тұрған ауыл тұрғандарымен де  кездестік. 
     Қос қолымен Әнуар  атамыз су ішкен, ауыл үшін тірішілік көзі болған « Ақтұма» тұмасы , судың тазалығы туралы деректерді мектептің биология пәні мұғалімі толықтай айтып өткен тұмаға қайтар жолда тоқтап, тұмадан су ішіп, беті-қолымызды жудық. 
     Қазақ жазушысы Әнуар Әлімжановтың әдеби мұрасын мектеп оқушыларына кеңінен насихаттау және мектеп қабырғасындағы бұрыш мұражайды толықтыру мақсатында барған ұстаздардың, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Д. Джадирова,  тарих пәнінің мұғалімдері М.Ж.Усанова, А.Ж. Максутованың  қоржындары  қажетті деректермен толықты.
Оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың  осы сапардан алған әсерлерін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес.







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив