27-29 желтоқсан аралығында мектебімізде «Төрлет, төрлет Жаңа жыл!»
№27 орта мектеп-гимназия.
Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Қоян жылы кеп қалды ортамызға
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт . 27-29 желтоқсан аралығында мектебімізде «Төрлет, төрлет Жаңа жыл!» шырша тойы ұйымдастырылды. Шырша жанында оқушылар ән шырқап, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жылдық мерекенің жаршысы Аяз ата мен Ақшақар және келер Қоян жылы ортаға шақырылып, шыршаны айнала әдемі әндер орындалды. Ертегі кейіпкерлері әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырды.



