05
қыркүйек
2023
Ашық диктант




Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3-тармағына сәйкес «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында 2023 жылғы 5 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті.
Мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында Талдықорған қаласы №27 орта мектеп-гимназиясында жалпықазақстандық ашық диктант алынды. Аталған іс-шараға мектеп ұжымы және 4, 7-9,10,11 сынып оқушыларынан 648 ерікті қатысты.